Білім беру ұйымдарының табысы 279 млрд теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жасанды интеллект және қаржы жүйесі: Үкімет цифрландыруды жеделдетпек

Жасанды интеллект және қаржы жүйесі: Үкімет цифрландыруды жеделдетпек
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Үкімет мемлекеттік қаржы жүйесін цифрландыруды жеделдетуге шындап кіріскен сияқты.

Жоспар бойынша, 2026 жылы отандық қаржы жүйелерінің 50 пайызында жасанды интеллект элементтері қолданылса, 2027 жылы бұл көрсеткіш толықтай 100 пайыз қамтылуға тиіс.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект бюджеттік шығындарды бақылауды күшейтіп, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Үкіметтің жаңа жоспары мемлекеттік басқаруды цифрландыру бағыттарын одан әрі нығайтуға ниетті. Ендігі мәселе бөлінетін миллиардтардың нақты нәтижеге айналуында тұрған сияқты.

Айтпақшы, ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда биыл мемлекеттік бюджеттен AI мен цифрландыруға тікелей бөлінген қаржыландыру көлемі 177,1 млрд теңге шамасында екен.

"AI + digital" пакеті атауымен рәсімделген қаржы мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымды, жасанды интеллект жобаларын, аймақтық цифрландыру деректері жүйелерін дамыту және интернеттің қолжетімділігін кеңейту бағытына жұмсалуға тиіс.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.