Экологиялық туризмді дамытуға бағытталған бұл халықаралық бастама Дүниежүзілік жабайы табиғат қорықолдауымен ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.
2026 жылы акция әлемде 19-рет, ал Қазақстанда 17-рет өткізілмек. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Дәл сағат 20:30-да ел бойынша үйлерде, кеңселерде және көшелерде бір сағатқа жарық сөндіріледі.
Жарығы уақытша өшірілетін нысандар қатарында Бәйтерек, Хазрет Сұлтан мешіті, Astana Arena, Алау мұз сарайы, Қазақстан қонақ үйі, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа да нысандар бар.