Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жарты ғасыр бірге: Астанада үлгілі отбасыларға «Алтын шаңырақ» табысталды

Жарты ғасыр бірге: Астанада үлгілі отбасыларға «Алтын шаңырақ» табысталды
Фото: Асқар Алтайұлы

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Осыған орай Астанада 7-14 қыркүйек аралығында «Отбасы апталығы» ұйымдастырылуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Апталықтың ашылу салтанаты М.Жұмабаев атындағы колледжде өтті. Іс-шара барысында ұзақ жыл тату-тәтті ғұмыр кешіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген екі отбасы Республикалық аналар алқасының «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» номинацияларымен марапатталды.

«Алтын шаңырақ» марапаты 50 жыл бірге өмір сүріп, елге лайықты азаматтар тәрбиелеген отбасыларға берілсе, «Күміс кереге» 25 жыл отасқан ерлі-зайыптыларға табысталады.

Республикалық аналар алқасы төрағасының орынбасары Баян Ахатайдың айтуынша, марапаттау рәсімінің студенттер алдында өткізілуі ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жастарға берік отбасының маңызын түсіндіруді көздейді.

– Отбасы күні елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Оның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау және дәріптеу. Осындай өнегелі отбасыларды жастарға үлгі ету арқылы оларды саналы некеге, жауапты отбасы құруға үндейміз. Апта бойы Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп бірнеше іс-шара өткізу жоспарланған, – деді Баян Ахатай.

«Отбасы апталығы» аясында елордада тәрбиелік, мәдени, әлеуметтік және қоғамдық бағыттағы бірқатар іс-шара өтеді. Оларға Аналар кеңесінің және комиссияның мүшелері, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, ата-аналар, жастар мен қала тұрғындары қатысады.

Бастаманың негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-ана жауапкершілігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеу.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.