KZNEWS.KZ
Спорт

Зарина Дияс Майамидегі турнирдің іріктеуінен ұшып кетті

• Бауыржан

Майамиде (АҚШ) WTA сериясындағы Premier Mandatory турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық Зарина Дияс пен польшалық Ива Швентек кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық теннисші қарсыласына 2:6, 5:7 есебімен жол беріп, турнирді ерте аяқтады.

Айта кетейік, былтыр бұл турнирде Дияс 1/8 финалға дейін жетіп, Каролина Плишковадан ұтылған болатын.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →