Қоғам

“Жарақаттарын өз көзіммен көрдім” - марқұм Айзаттың әпкесі

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
“Жарақаттарын өз көзіммен көрдім” - марқұм Айзаттың әпкесі
Фото: Ұлысмедиа

Марқұм Айзат Жұманованың әпкесі Раушан Дәуренбекова сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның әпкесі бастапқыда 106-баппен келіспегенін айтады. 

- Кейін жүгіріп жүріп 99-1-ге аоып келдік. Эксгумация нәтижесімен келдік. Мәйітті 59 күнде қазып алдық. Эксгумацияны өз көзіммен көрдім. Ішінде, сыртында қаншама жарақат болды. Сондықтан бапты өзгерттік, - дейді Раушан Дәуренбекова. 

Ол Айзат жүкті болған деген хабарды жоққа шығарды. 

- Айзаттың құрбысы “Айзат маған келемін, жақсы хабарым бар” деп 17-сі айтқан. Айзат 21-і қайтыс болды. Біз жүкті болған шығар деп ойладық. Бірақ жүкті болмай шықты, - дейді ол. 

Раушан Дәуренбекова енді адвокаттары апелляция жұмыстарымен айналысатынын айтты.

Еске салайық, бүгін Айзат Жұманова өлтірді деген күдікке ілінген күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға сотталды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz