KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Жақсы көңілдеспіз»: танымал блогер әйеліне опасыздық жасағанын мойындады

Дархан Тоқан
Фото: @abdreevakz

Әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты мәлімдемелерімен жиі талқыға түсетін блогер Бауыржан Зорбай бұл жолы да көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sn.kz сайты.

Бұл жолғы дау Instagram желісіндегі abdreevakz атты қолданушының жазбасынан кейін өршіген. Автор блогердің отбасылық қарым-қатынасына қатысты ашық әрі эмоцияға толы пікірін жариялап, өткен күндердегі оқиғалардың бәрі көз алдына «кинолентадай» қайта оралғанын жеткізген.

Ол жазбасында Бауыржан Зорбайды жарының қадірін білуге шақырып, өзінің де оңай шешім қабылдамағанын атап өтеді. Автордың сөзінше, бұл жағдай оның өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі болған.

«Әйеліңнің қадірін біл, Бауыржан. Бұл жайлы сөз қозғалғанда, барлығы көз алдымнан өтті. Сенің жүрегің мен жаныңда сол сәттер өшпей тұрғанда бағала. Мен де сені түсінуге тырыстым. Өз таңдауымды қабылдадым, сенің таңдауыңды құрметтедім. Сен де менің шешімімді сыйла. Сенің жүріс-тұрысыңа, басқа қыздармен араласуыңа “стоп” қоя алатын адам – мен», – деп жазды ол.

Сонымен қатар жазба иесі бұл пікірді не үшін жариялағанын да түсіндірді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде көрсетілетін әдемі өмір көп жағдайда шынайы жағдаймен сәйкес келе бермейді.

«Қазіргі таңда жанындағы ер адамға көзсіз сену қиын. Барлық ер-азаматты бірдей жамандаудан аулақпын, адал, нағыз ерлер де бар. Алайда желіде көрсетілетін өмір мен шынайы өмірдің айырмасы жер мен көктей болуы мүмкін. Бұл – менің жеке шешімім. Түсінгендерге де, түсінбегендерге де алғысым шексіз», – деді ол.

Жазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары бейжай қалмай, түрлі пікір қалдырды. Кейбірі блогердің жұбайы мен аталған әйелдің бір-біріне ұқсастығын атап өтіп, сарказмға толы пікірлер жазған.

Оқиғаға қатысты блогердің өзі де үн қатып, жеке парақшасында жазба қалдырды. Ол бұл жағдайдан кейін өз ұстанымын ашық білдіріп, эмоциясын жасырмаған.

«Мен жеңілдім. Ешкіммен ешқандай сөз таластырмаймын. Кейін ақ-қарасын өздеріңіз пайымдап аларсыздар. Менде ондай ақша жоқ беретін. Отбасыммен қоштастым. Амандық тіледім. Қимадым. Жыладым. Кеттім», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Бауыржан Зорбай 2022 жылы отбасын құрған. Қазіргі уақытта ол – отбасылы.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары