"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жапонияда ауа райы салдарынан 18 адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды

Жапонияда ауа райы салдарынан 18 адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды
Фото: Ашық дереккөзі

Жапонияның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы өңірлерде жауған қалың қардың салдарынан 18 адам қаза тауып, 267 адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жапонияның Өрт және апаттармен күрес агенттігі жариялаған 1 ақпандағы сағат 08:30-дағы жедел есепке сәйкес, зардап шеккендердің 86-сы ауыр жараланған, 163 адам жеңіл жарақат алған.

Қайғылы оқиғалар Хоккайдо, Аомори, Акита, Ямагата, Ниигата, Нагано және Симанэ аумақтарында тіркелгені хабарланды.

Ресми есепте әзірге эвакуацияға қатысты арнайы нұсқама берілмегені де атап өтіледі. Дегенмен Жапония Кабинет кеңсесі 30 қаңтарда таратқан жинақ мәліметінде Жапония метеорологиялық агенттігінің дерегіне сүйене отырып, алдағы күндері де қар күшеюі мүмкін екенін ескерткен. Осыған байланысты көлік қозғалысының қиындауы және қар көшкіні қаупі жоғарылайтыны айтылып, тұрғындарға сақтық шараларын күшейту ұсынылған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер