Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Запомни,биомусор..." Әлеуметтік желіде мемлекеттік тілге қатысты тағы да дау шықты

"Запомни,биомусор..." Әлеуметтік желіде мемлекеттік тілге қатысты тағы да дау шықты
Фото: скришот kznews

Мемлекеттік тілдің қолдану аясына қатысты тағы бір дау шықты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сатушыдан орыс тілінде жауап беруді талап еткен азаматшаның бейнежазбасы тараған болатын.

Қоғамда кеңінен талқыланып, резонансқа ие болған мәселе басылғандай сияқты еді. Өйткені, жариялынымға орай тексеру жүргізген құзырлы орган өкілдері бейнежазба авторын іздеп тауып, әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша шара қабылдаған-ды. Алайда, мемлекет тілге қатысты арандатушылық әрекеттер басылмай отырған сияқты.

Мысалы, аталған оқиғадан кейін Threads әлеуметтік желісіндегі valeriymichshenko деген акаунттан жариялаған жазба тағы да жұрттың ашу-ызасын тудыруда.

Ол жазбада Қазақстандағы тіл мәселесіне қатысты агрессивті және қорлайтын пікір берілгені байқалады. Автор қазақ тілінде сөйлейтін адамды "биомусор" деп кемсітіп, қазақ тілін тек "ауылда ғана қолданылатын тіл" ретінде сипаттаған.

Мәтінді қаз қалпында ұсынамыз: "Запомни, биомусор, это ТЫ, живя в родном Казахстане, ОБЯЗАН общаться не на своём родном языке, в том числе и со мной, а на том, которое тебе установило государство. И мы тут в равных условиях — я тоже не общаюсь с тобой на своём родном украинском. Русский – язык межнационального общения, а на казахском будешь в своём ауле общаться, который даже на карте хрен найдёшь. А пункт 3 статьи 7 старой и статьи 9 новой конституции советую прочитать 5 раз на своём аульном. Может тогда дойдёт..."

Көзі ашық адамға мысалға келтірілген мәтіннің мақсаты құқықтық түсіндіруден гөрі қарсы пікірдегі адамды қорлау сияқты көрінеді. Сондықтан оны объективті пікір емес, эмоциялық және арандатушылық сипаттағы жазба деп бағалауға болады.

Дегенмен, бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталасқа ұласып, адамдар құзырлы органдардан пікір иесін тауып, құқықтық баға беруді талап етіп отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.