KZNews.kz
Жаңалықтар

"Жаныңыз жәннатта болсын": Есімі елге танымал дәрігер 56 жасында көз жұмды (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Медицина саласының көрнекті өкілі, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының тұрақты басшысы Айгүл Қасымова 56 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова растады. Министрдің айтуынша, Айгүл Құбашқызының жетекшілігімен орталық базасында кейін елдегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға негіз болған бірқатар пилоттық жобалар әзірленіп, сәтті енгізілген.

"Айгүл Құбашқызы денсаулық сақтау саласының дарынды ұйымдастырушысы, білікті менеджер, мемлекеттік деңгейде ойлай алатын кәсіби маман ретінде ел жадында қалады. Оны шынайы энтузиазм, мамандығына адалдық, дәрігер мен басқарушы миссиясын терең түсіну сияқты қасиеттері айрықша даралады", – деді министр.

Әріптестерінің айтуынша, марқұм кең пейілді, адамдарға ашық, әрдайым қолдау көрсетуге дайын, ұжымды соңынан ерте алатын, айналасына шабыт сыйлай білетін тұлға болған.

Ақмарал Әлназарова Айгүл Қасымованың туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және барша медициналық қауымдастыққа шын жүректен көңіл айтып, қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары