Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылындағы отбасы өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке тағылған айыптардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, Сарсемалиевке келесі айыптар тағылып отыр:
– ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша – Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деген айып;
– ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша – Наурыз Мұқанғалиевтің жеке заттарын ұрлады деген айып;
– ҚР ҚК-нің 384-бабы 2-бөлігі бойынша – Наурыз Мұқанғалиевтің жеке куәлігін ұрлады деген айып;
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша – Наурыз Мұқанғалиевтің атына несие рәсімдеді деген айып;
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша – Наурыз Мұқанғалиевтің зейнетақы жинақтарын иемденді деген айып;
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша – Наурыз Мұқанғалиевтің атынан алдау жолымен 350 мың теңге алды деген айып;
– ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары бойынша – Насип Утешқалиева мен Мақсот Қарабалинді өлтірді деген айып;
– ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша – Насип Утешқалиева мен Мақсот Қарабалиннің жеке заттарын ұрлады деген айып;
– ҚР ҚК-нің 384-бабы 2-бөлігі бойынша – Мақсот Қарабалин, Насип Утешқалиева және Мейрамгүл Қарабалинаның жеке куәліктерін ұрлады деген айып;
– ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5 және 13-тармақтары бойынша – Мейрамгүл Қарабалинаны аса қатыгездікпен өлтірді деген айып;
– ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша – Мейрамгүл Қарабалинаның жеке заттарын ұрлады деген айып;
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша – алаяқтық жолмен үй малын сатты деген айып;
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша – Мейрамгүл Қарабалина, Мақсот Қарабалин және Насип Утешқалиеваның зейнетақы жинақтарын алды деген айып тағылған.