Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады
kznews.kz

10 сәуірге Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай, бұршақ, қатты жел және көктайғақ күтіледі.

Абай облысында күндіз жаңбыр, найзағай, өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ пен дауыл болжанған. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде жаңбыр мен найзағай күтілсе, күндіз шығыс пен оңтүстікте өткінші жауын-шашын болады.

Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз де таулы өңірлерде өткінші жаңбыр сақталады. Өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жетісу облысында да жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын мен дауыл болжанған.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады, өңірдің көп бөлігінде тұман түседі. Қарағанды облысының бірқатар аумағында да тұман күтіледі, кей жерлерде жел күшейеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжанса, Қызылорда облысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей аумақтарында жаңбыр мен найзағай, Павлодар облысында желдің күшеюі болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысы мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт нашарлауына байланысты сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.