Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жанәбіловтер ұтысқа тіккен көліктер кімдерге берілетіні белгілі болды

Жанәбіловтер ұтысқа тіккен көліктер кімдерге берілетіні белгілі болды
Фото: qumash.kz

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова өз курсын сатып алғандар арасында ұтысқа қойылады деп уәде етілген автокөліктер электронды сауда порталында сатылымға шығарылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сегіз дана Hyundai Elantra автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялаған. Жеті көлікті бағалау құны 8 395 000 теңгені құрайды, ал бір автокөлік одан 5 мың теңгеге арзан бағаланған.

Көліктер Zhana Business компаниясына тіркелген, оның құрылтайшысы сотталған Эльмира Төлегенова

Сауда 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Қазіргі уақытта бұл автокөліктерді тек мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын түрінде тіркелген заңды тұлғалар ғана ала алады. Олардың қатарына әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар кіреді: жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері, мектепке дейінгі және орта білім ұйымдары, уақытша тұру орталықтары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелер кіреді.

Егер көліктер осы санаттағы ұйымдарға берілмесе, онда лоттар кейін барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.

Еске салайық, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова онлайн-курстар сатумен қатар, заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын. Тергеу мәліметінше, олар жүлделерді өз қаражатына алғандай көрсеткенімен, іс жүзінде сыйлықтар қатысушылардан жиналған ақшаға сатып алынған.

Сот блогерлерді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде — 247 миллион теңге табыс тапты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп таныды.

Үкімге сәйкес, Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Ал Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жаза мерзімі екі жылға шегерілді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі