Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаңа кезең... Басымды бәйгеге тіктім": Руслан Өтепбай қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)

"Жаңа кезең... Басымды бәйгеге тіктім": Руслан Өтепбай қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол осы уақытқа дейін ел ішінде түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қарапайым халықтың құқығын қорғау жолында аянбай еңбек еткенін атап өтті.

"Ағайын, осы уақытқа дейін бар жанымды салып, басымды бәйгеге тігіп, от пен су кешіп, титтей болса да қазаққа пайдам тисін деп ел араладым. Қарашаның құқығын қорғау жолында өз қаражатыммен жұмыс істедім. Енді журналистикадағы жолымда жаңа кезең басталғалы тұр. Принципім де, миссиям да өзгермейді. Алда командаммен авторлық жобада әлеуметтік мәселелерді телеарна деңгейінде көтереміз. Бізге сәттілік тілеп, әр сенбі-жексенбі күндері "Анықтаймыз Руслан Өтепбаймен" бағдарламасын көріп, қолдау білдірсеңіздер болғаны!" – деп жазды Руслан Өтепбай.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер