Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа адамдар жалған «медсправка» сатылымын әшкереледі

Жаңа адамдар жалған «медсправка» сатылымын әшкереледі
Фото: видеоскрин

Жаңа адамдар қозғалысының AntiLIPA Азаматтық науқаны Астанадағы Adam Clinic желісінде тексерусіз медициналық анықтамалар сату дерегін анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін белсенділер Ayana Clinic-те осындай тексеру жүргізген еді. Бұл оқиға БАҚ пен қоғамда кеңінен талқыланғаннан кейін Жаңа адамдарға елордадағы Adam Clinic желісінде де жалған анықтамалар сатылатыны туралы бірнеше өтініш түскен.

Астанада оннан астам филиалы бар клиника желісіне қатысты белсенділер өз зерттеуін жүргізді. Олардың мәліметінше, клиникаға телефон соққан кезде медициналық тексеруден өтпей-ақ анықтама алуға болатыны айтылып, құжаттардың бағасы да көрсетілген. Кейін белсенділер клиникаға барып, анықтама сату процесін камераға түсірген.

Жалған медициналық құжаттардың ықтимал салдарын көрсету үшін Жаңа адамдар арнайы «Жалған экспресс» акциясын ұйымдастырды. Клиника алдына бірнеше куб тиелген жүк көлігі жеткізілді. Әр кубта жалған анықтамаларды пайдаланудың қоғамға төндіретін қаупі көрсетілді.

Олардың қатарында мектепте жұқпалы аурулардың таралуы, балалар ауруханасындағы туберкулез қаупі, жатақханадағы стафилококк инфекциясының өршуі, сондай-ақ білімі мен біліктілігі тиісті деңгейде расталмаған медицина мамандарының жұмыс істеуі секілді жағдайлар бар.

Белсенділердің мәліметінше, анықтама сату дерегі камераға тіркелгеніне қарамастан, клиника өкілдері мұндай жағдай болғанын жоққа шығарған. Осыдан кейін акцияға дайындалған кубтар клиника ішіне орналастырылып, жалған медициналық құжаттардың қандай салдарға әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілді.

Жаңа адамдар өкілі Даниил Львов мәселе тек жалған анықтама сататын мекемелерде емес, оған қоғамның көзқарасында да екенін атап өтті.

«Біреу жалған анықтаманы сатуға келіседі. Біреу оны сатып алады. Біреу болып жатқан жағдайға көз жұма қарайды. Осылайша бұл тәжірибе жалғаса береді. Заңбұзушылық қалыпты жағдайға айналып, адал жол қиын болып көрінген кезде мәселе қайта-қайта қайталанады. Өзгеріс жеке жауапкершіліктен — жалған анықтама сатып алмаудан, сатпаудан және заңбұзушылыққа үнсіз қалмаудан басталады. Осылай ғана бұл тізбекті үзуге болады», — деді ол.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.