«Өзіміздің» мұнай: мұнайдан түскен табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа адамдар: референдум қорытындылары елдің жаңа кезеңін айқындады

Жаңа адамдар: референдум қорытындылары елдің жаңа кезеңін айқындады
фото: Жаңа Адамдар

Астанада референдум қорытындыларына арналған форум өтіп, «Жаңа адамдар» қозғалысы ел дамуының жаңа кезеңіне серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесуде адам капиталын дамыту стратегиялық маңызға ие екенін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, Жаңа Конституцияда білім, ғылым, инновация және адам әлеуетін дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде айқындалған.

15 наурызда өткен референдумда қазақстандықтар Конституцияның жаңа жобасын қолдап, елдің болашақ даму бағытын белгіледі. Бұл күн азаматтық белсенділік пен жастардың жоғары қатысуымен ерекшеленіп, жаңа тарихи кезеңнің бастауы ретінде бағаланды.

Астанадағы Конгресс-холлда референдум қорытындыларына арналған форум ұйымдастырылды. Іс-шараға қоғамдық ұйым өкілдері, бес негізгі саяси партия мүшелері және «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері қатысты. Форум алдында қозғалыс мүшелері ел аумағындағы сайлау учаскелерін аралап, азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Форум барысында белсенділер дауылпаздармен арнайы перформанс ұсынып, қоғамның күші азаматтардың белсенді қатысуымен қалыптасатынын бейнеледі.

Қазіргі таңда Қазақстан маңызды тарихи кезеңді бастан өткеруде. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы референдумнан кейін айқындаған «Әділетті Қазақстан» бағыты қоғамдық бастамалар мен жастар белсенділігі арқылы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова сөз сөйлеп, Конституция жобасын талқылау үдерісінің халықтық сипаты мен әділеттілігін айқындайтынын атап өтті.

Әсел Баденованың айтуынша, қоғам ұсынған негізгі қағидалар бүгінде конституциялық деңгейде бекітіліп отыр. Атап айтқанда, жасампаз патриотизм, еңбек пен білім құндылығы, сондай-ақ адам мен отбасының дамуы ел дамуының басты негіздері ретінде айқындалған.

Президенттің сөзінше, жаңа Конституция — жас қазақстандықтарға бағыт-бағдар беретін маңызды құжат. 15 наурыздан басталған жаңа кезеңде азаматтарға елдегі үдерістерге белсенді араласып, мемлекет дамуына үлес қосу міндеті жүктеліп отыр.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан