Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жаңа адамдар бастамасы»: Қазақстан бойынша қан тапсыру штабтары ашылады

«Жаңа адамдар бастамасы»: Қазақстан бойынша қан тапсыру штабтары ашылады
фото: Жаңа Адамдар

Жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Еріктілер жылы деп жариялап, қоғам дамуындағы азаматтық белсенділік пен әр адамның жеке жауапкершілігінің маңызын атап өткен еді. Бұл бастама еріктілікті тек әрекет қана емес, өмірлік ұстаным ретінде қарастыруға үндейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы орайда «Жаңа адамдар» қозғалысы қазақстандықтарды ерікті болуға шақырып, нақты қадам жасауға мүмкіндік ұсынуда. Солардың бірі — қан тапсыру. Бұл — тек медициналық көмек емес, өзгенің өміріне үміт сыйлау. Себебі донорлық қанды жасанды түрде өндіру мүмкін емес, оны сатып алу да, технологиямен алмастыру да мүмкін емес — ол тек адамның ерікті таңдауы арқылы ғана беріледі.

Жоба аясында Қазақстанның 18 ірі қаласында қан тапсыруға арналған арнайы штабтар ашылуда. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Орал, Атырау, Ақтау, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған және Түркістан бар. Қатысқысы келетін әрбір азамат qantapsyr.kz сайты арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратпен таныса алады.

Ерікті болу — бұл қоғамға бейжай қарамау, өзгерісті өзіңнен бастау. Осындай әрекеттер арқылы бір-біріне жанашыр, ортақ мақсатқа ұмтылатын қоғам қалыптасады.

Ерікті бол — қан тапсыр!

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан