Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Заң қабылдау 3 кезеңнен тұрады”: Президент парламенттік реформаның негізгі бағыттарын атады

“Заң қабылдау 3 кезеңнен тұрады”: Президент парламенттік реформаның негізгі бағыттарын атады
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы органның жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарға тоқталды. Президенттің айтуынша, бастамалардың төртінші бөлігі Парламенттің жұмыс тәртібі мен заң қабылдау рәсімдерін жаңғыртуға арналды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа модельге сәйкес, депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. Сонымен қатар заң қабылдау үдерісін тиімді ету үшін үш кезеңнен тұратын жаңа процедура ұсынылуда.

«Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл өзгерістер Парламент қызметін түбегейлі қайта құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз», – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, реформаның түпкі мақсаты – мемлекеттің институционалдық негізін нығайту және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сай орнықты саяси жүйе қалыптастыру. Президент бұл бағыттың әділетті қоғам құрудағы маңызын ерекше атап өтті.

«Билік институттарының жаңа құрылымы баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті қоғам құрудың мызғымас негізі болмақ», – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент қолға алынған Парламенттік реформаның ел дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Оның пікірінше, бұл өзгерістер Қазақстанның әлеуетін арттырып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық реформалардың қарқыны мен сапасын күшейтеді.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде бұған кәміл сенемін», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.