Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында фельдшерге оқ атқан ер адам 3,5 жылға сотталды

Жамбыл облысында фельдшерге оқ атқан ер адам 3,5 жылға сотталды
Фото: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысы Байзақ ауданында ауруханада фельдерді атып кеткен. Қазір ол ем қабылдап, жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист іс қазір қандай деңгейде, атқан адам жазаға тартылды ма, фельдшердің жағдайы қалай деп сұрады.

"Бұл жағдаймен таныспын. Биыл 10 шілдеде Сарыкемер ауылында Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының қосалқы станциясында жұмыс орнында тұрған фельдшерге оқ атылды. Болған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Екінші қыркүйекте сот шешімі шықты. Сотталушы үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Фельдшер ем қабылдап, қазір жұмысын жалғастырып жатыр", – деді әкім.

Оқиғаға 25 жастағы Байзақ ауылының тұрғыны себепші болған. Ол 27 жастағы таныс фельдшердің жұмыс орнына келіп, дефибриллятордың қалай жұмыс істейтінін көрсетуді сұраған. Алайда фельдшер бұл өтініштен бас тартқан. Осыдан кейін екі ер адамның арасында жанжал туындап, күдікті травматикалық қарумен оқ атқан.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі