KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінді

Торғын Абушахман
ғаламтор желісінен

Бүгін, 2026 жылдың 5 қаңтарында, сағат 10:15-те Отар ауылының маңында 3,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жедел басқару орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Жамбыл облысы мен Алматы облысының шекарасында, Отар ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің күші – 3,7 балл», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →