KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жаман ауруға шалдыққан Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы тың ақпарат белгілі болды

Айжан Сыланова
Фото: Instagram/jemappelledai

Қазақстандық танымал актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова Instagram парақшасында әкесінің ауруханада түскен жаңа суреттерін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Суреттерде актер қаламмен эскиз жасап отырған сәт бейнеленген.

«Күн сайын кішігірім жеңістер. Достар, сіздерден үлкен қолдау алудамыз. Әр күн сайын бізге ізгі тілектер мен жылы сөздер жазасыздар, мен оларды міндетті түрде әкеме жеткіземін. Ол әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтуда. Біздің отбасымыз осы кезеңде бізді қолдаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтады», – деп жазды Диана Болатова.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →