KZNews.kz
Білім

"Жалған ақпарат айтуға жол жоқ": Танымал педагог мұғалімдерді қорғап, депутатқа қарсы шықты

Қайсар Қанат
Democrat.kz коллажы

Белсенді педагог Сәния Нүсіпәлі Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың мұғалімдер біліктілігіне қатысты айтқан сөзіне ашық қарсылық білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Еске салайық, кеше Ирина Смирнова "мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәнін білмейді" деген пікір айтып, аттестациядан өте алмаған педагогтарды сынға алған еді. Бұл мәлімдеме мұғалімдер қауымының наразылығын тудырды.

Сәния Нүсіпәлі бұл сөздерді "мұғалімдерді қорлау" деп бағалап, депутаттан жауап талап етті:

"Бір депутат мұғалімдердің жартысы өз пәнін білмейді депті. Ақпаратты қайдан алған? Ел арасындағы өсек-аяңды мінберден айта салуға бола ма? Сауатсыз депутаттар орындарын босатуы керек!" – деп жазды белсенді.

Ол өзінің бірнеше талаптарын да атап өтті:

"Сондықтан ол халық алдында жауап берсін! Не дәлел келтірсін. Депутаттық мандатты халықты қаралау үшін емес, елдің үмітін жеткізу үшін пайдалану керек. Парламент төрінде отырып алып, жалған ақпарат айтуға жол жоқ!" – деп қорытындылады педагог.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары