KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Жәкішевтің су жаңа құдағиы тойдан кейін тосын жазба жариялады

• Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева тұрмысқа шықты. Тойдан кейін күйеу жігіттің туыстарының бірі әлеуметтік желіде салтанатты кешке қатысты ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қаласында өткен тойдан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Күйеу жігіттің туысының айтуынша, салтанатты кеш барысында күйеу жігіттің ағасы әрі куәгері Андрес Оби ұлттық нигериялық агбада киімінің сыртынан қазақтың шапанын киіп шыққан. Бұл көрініс қонақтардың ерекше ықыласына бөленіп, көпшіліктің назарын аударған.

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол халықаралық сән индустриясында еңбек етіп жүрген қазақстандық модельдердің бірі. Қазіргі уақытта Лондонда тұрып, кәсіби мансабын дамытуда.

Модель әр жылдары әлемге танымал брендтермен жұмыс істеген. Оның портфолиосында Chopard, Jimmy Choo және Adidas секілді халықаралық компаниялармен жүзеге асқан жобалар бар.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас жұбайларға ақжарма тілектерін жолдап, бақытты отбасылық өмір тіледі.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →