Қазақ қызын шетелдің 80 университеті оқуға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жай кетпеді, көп нәрсені ұғындырып кетті": Гүлзира Айдарбекова сіңлісінің қазасы туралы жазды (ВИДЕО)

"Жай кетпеді, көп нәрсені ұғындырып кетті": Гүлзира Айдарбекова сіңлісінің қазасы туралы жазды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова қайғылы жағдайда өмірден өткен блогер Сәуле Базарханды еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол марқұмның ерекше қасиеттерін атап өтіп, Сәуленің ешқашан өсек айтып, біреуді жамандамағанын жазды. Продюсердің сөзінше, оның өмірден ерте кетуі көп адамға өмірдің өткінші екенін тағы бір мәрте түсіндіргендей әсер қалдырған.

"Жанымызда жүрген қаншама қыздардың арасында Саулешіміздің ерекше қасиеті, өсек айтып ешқашан біреуді жамандамайтын. Жай кетпеді, көп нәрсені ұғындырып, өмірдің тез біте салуы мүмкін екенін шегелеп тұрып түсіндіріп кеткендей халде жүрмін.😢Қарап отырсам, қазіргі уақытта қоғам болсын, адамдар арасында өсектен көз ашпайсың. Біреуді жамандау, өсектеу.Тұрсынбектің әйелі бүйтіпті, Баян былай депті, қыздары солай депті, анау Динара Сатжанға тиісіпті, Гүлзираның үш келінінің қайсы сұлу талдап жіберейік, әйтеуір өсектен көз ала алмай ютуб, инста бәрі тек бір-бірін тілдеп жатқан біреу. Өз қызын зорлапты, күйеуін пышақтап өлтіріпті, бала ұрлапты… Тіптен хайп жасап, подписчик жинау үшін де әйелдер қорланғандарын жариялап аянышты болып елді өзіне қарату. Не болмаса алаяқтықпен телефон арқылы ақша тонау, үй тонау, халықтың тіртінектеп тапқан ақшасын тонау.
—Тыныш заманда, тыныш өмір сүріп, әр адам адал еңбегімен, бақытты, ғұмырлы, абыройлы, берекетімен өмір сүретін баяғы замандағы үлкенге деген құрмет, ұятымыз, әдет-ғұрпымыз қайта оралса екен.
“Сүрінгенмен бүлінгенді сөз етпе,
Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте!”
Осы сөз жадыларыңыздан кетпесе екен" – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер