Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жағдайым күннен күнге қиындап барады": Қалдыбек Құрманәлі ақынның қазасы туралы жазба жариялады

"Жағдайым күннен күнге қиындап барады": Қалдыбек Құрманәлі ақынның қазасы туралы жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ақын Бекжан Әшірбаевтың қазасы жайлы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бекжан бауырым, кешір мені... Кешігіп қалдым...

Ауылда едім. Тасқұдықта… Ауа-райы +40 градус ыстықты көрсетіп тұрды… Жаралы жүрегімнен секем алып, күндіз-түні желдеткішті қосып, жан сақтап отырған кезім болатын…

Бекжан бауырым телефон шалды.

– Қал-аға, сіздің танымайтын дәрігеріңіз жоқ қой, мені ауруханаға жатқызбасаңыз, жағдайым күннен күнге қиындап барады, – деді…

– Уайымдама, 10 күннен кейін Алматыда боламын, жолығып, ақылдасамыз… Мықты, білгір дәрігерлерге өзім ертіп апарып, денсаулығыңды көрсетемін, – деген едім…

Бекжан бауырым, кешігіп қалдым... Кешір мені...

Жаралы жүрегім сыздап, ішім қан жылап тұр…

…Тағдырдың салған ісіне,

Не істерсің, жаным, не істерсің?…

Бақұл бол, бауырым!.." – деп жазды Қалдыбек Құрманәлі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер