KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Жабылып ұрды»: «Нұр-Мұқасан» әншілерінің дауы сотта қаралып жатыр

• Айжан Сыланова

Алматының Наурызбай аудандық сотында «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев пен топтың қазіргі мүшесі Ғалымжан Сүлейменге қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс бойынша Мұқасан Шахзадаев куәгер ретінде қатысса, оның әкімшісі Азамат Есеркенов сотталушы ретінде танылған. Жәбірленуші Ғалымжан Сүлеймен өзін Мұқасан Шахзадаев, Азамат Есеркенов және Бақытжан Қойсоймасов жабылып соққыға жыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға салдарынан мұрны мен қолының бас бармағы сынған.

Сүлеймен кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды және істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етті. Ал Мұқасан Шахзадаев айыптауларды жоққа шығарып, жанжалды Ғалымжанның өзі бастағанын, сондай-ақ өзінің әндерін рұқсатсыз орындауына байланысты наразылық білдіргенін айтты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша сотта қаралып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →