Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ыстамбұлға SCAT-пен ұшып барған ит белгісіз жағдайда өліп қалды (видео)

Ыстамбұлға SCAT-пен ұшып барған ит белгісіз жағдайда өліп қалды (видео)
Фото иллюстрация: kznews

Жолаушылар ұшақтың 1 сағатқа кешігіп ұшқанын айтты. Өйткені жүк бөліміне алабай тұқымды үлкен итті ұзақ уақыт тиеген көрінеді.

Алайда ең үлкен мәселе Ыстамбұл әуежайына қонған соң басталған. Жолаушылар бірнеше сағат бойы өз жүктерін ала алмай, ақыры полиция мен Қазақстан консулын шақыруға мәжбүр болған.

Кейін белгілі болғандай, багаждың кешігуіне дәл сол алабай себеп болыпты. Ит өзі жатқан арнайы жәшікті сындырып, еркіндікке шығып кеткен. Әуежай қызметкерлері жануарды ұзақ уақыт тыныштандыра алмағандықтан, багаж бөлігін ашу мүмкін болмаған.

Ақыры итті зорға тыныштандырып, ұшақтан сүйреп шығарған. Кейін белгісіз бағытқа әкеткен соң ит өліп қалған.

Бұл жағдай қоғамда көптеген сұрақ туғызуда дейді белгілі блогер Михаил Козачков.
Біріншіден, Авиациялық әкімшілік немесе көлік прокуратурасы осы оқиғаға назар аудара ма, әуе компания қызметкерлерінің әрекетіне баға бере ме?
Екіншіден, жануарды мұндай адамгершілікке жат тәсілмен Түркияға жөнелткен кім, және ол жауапқа тартыла ма?

Айта кетейік, SCAT әуе компаниясы блогердің сұрауына осы жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме бермеген.

Автор
Еркебұлан