Түркия прокуратурасының хабарлауынша, туристердің іс-әрекеті «діни сенімдерді қорлау» бабымен қарастырылып жатыр.
– Жұп түсініктеме беріп, кешірім сұрауға тырысқан. Олар жергілікті қасиетті жерде өзін қалай ұстау керегін білмегенін айтқан. Дегенмен бұл жеткіліксіз деп танылды. Қазіргі таңда оларға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр, – деп жазады түрік басылымдары.
Ресейдің Түркиядағы елшілігі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, туристерден жауап алынған соң олардың босатылғанын мәлімдеді. Дегенмен, іс сотта қаралатын болады.