Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
XXI ғасыр көшбасшысы
Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович
Бағыты: Психология Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-30
Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына, сыныптан тыс жұмыстарға, 5-9 сыныптың сынып жетекшілеріне
Тұңғыш президент күнінен арналған Тәрбие сағаты ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
5-6 сынып
Жауапты сынып жетекшілер: Бегешова Ә.Р , Әлжапаров Н.Қ
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды Елбасымыздың өмірі мен шығармашылығын, қызмет жолын, мемлекет басқарудағы жетістіктерін қаншалықты білетіндіктерін анықтау;2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.3. Эстетикалық және мәдени тәрбие бере отыра, түрлі тәсілдермен қызығушылығын арттыру. Көрнекі құралдар: суреттер, презентация, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, эвристикалық, миға шабуыл әдісі. Іс-шараның барысы.Армысыздар ма! Сайысқа қатысушы 5-6 сынып оқушылары, қадірменді жанкүйерлер! XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлт көшбасшысы, ҚР тұңғыш президенті, Нұр Отан партиясының төрағасы, дүниежүзі қазақтары құрылтайының, Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына арналмақ. "Кез келген мамандық егер оны жақсы көрсең бақытқа айналады. Үш жолы бар: жинақы болу қажет, жұмыс істегенде одан ләззат алып, оған қанағат болу керек. Жұмысқа осындай көңіл-күймен барса, менің ойымша, кез келген жұмыс қуаныш сыйлайды және сенің бақытты болуың үшін айналаңдағы адамдар да бақытты болуы керек", – деп атап өткен екен Н.Ә.Назарбаев. Қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар... Ендеше сайыскерлеріміз дайын болса ойынымызды бастайық. Ойынымыз үш кезеңнен тұрады. «Бәйге», «Жорға», «Дода». Бәйге кезеңінде сіздерге ҚР президентіне байланысты тест түрінде ортақ 10 сұрақ беріледі. Ол сұрақтың жауабын алдарыңыздағы парақшаға белгілейтін боласыздар.
- Елбасы дүниеге келген қыстау
- 4 санының кубы нешеге тең
- Бүкіл әлемге Қазақтың атын танытып жүрген әнші, Славян базары байқауының лауреаты
- Астанадағы елбасының резиденциясы
- Қазақстанның тұңғыш Астанасы
- Қосмекенді жануарларды ата
- Әке мен бала әңгімесінің авторы
2. Ойыншы 1) 5, 2 аралас санын дұрыс бөлшекке айналдыр 2) Қазақтың тұңғыш ғарышкері 3) Елбасының президенттіктен басқа лауазымы 4) Орта жүздің биі 5) Қазақстанда өсірілетін басты дәнді-дақылдар 6) «Қызғыш құс» өлеңін жазған ақын
- Теріс таңба мен теріс таңбаны қосқанда қандай таңбаны қоямыз
- Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
- Елбасының басты мамандығы
- Мемлекеттік тудың авторы
- Бау-бақша еккенде топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қандай техникалық тыңайтқыш қосамыз
- Қазақтың бас ақыны
- 30 санының квадраты
- Адай, балбырауын, сарыарқа күйлерінің авторы
- Астананың символы
- Қазба жұмыстарын зерттейтін ғылым
- Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты
- Әйткенменде түз тағысы Құрмашқа өз иттігін жасады. Үзінді қай шығармадан алынған
- Фигураның ауданын табу үшін не істейміз
- Спортшы, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы
- Елбасының идеясы
- Жер-су аттарын зерттейтін ғылым
- Жануарларды зерттейтін ғылым
- Түлкі мен арыстан ертегісі қандай ертегінің түріне жатады
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.