KZNews.kz
Шоу-бизнес

XVI Еуразия Медиа Форумыныңспикерлері анықталды  

Әлихан

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.

Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».

Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына сарапшы көзқарас білдіріледі.

Ұйымдастырушылар форумға 19 елден шетелдік спикер, еліміздің мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшыларының қатысуын күтуде. Басқосуға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадин, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері қатысады.

Спикерлер қатарында:

 


 

Алдағы конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейтесті  мәселелер талқыланатын болады. Күн тәртібінде: жаһандану мәселесі, әсіресе өзекті тұтыну дағдарысы, сондай-ақ халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер бар.

Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блогжүйе ықпалының күшеюі сөз етіледі.

Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →