Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хромтау қаласының пара алған экс-әкімі түрмеге отырмайтын болды

Хромтау қаласының пара алған экс-әкімі түрмеге отырмайтын болды
Фото: instagram.com/sagyndyk_shabikbaev

Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды kznews.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, шенеунік мемлекеттік сатып алу аясында атқарылған жұмыстарды еш кедергісіз қабылдап беру жөніндегі уәдесі үшін мердігерден 400 мың теңге алған.

Пара беру кезінде әкімнің танысы Нұрбек Қазбек делдал рөлін атқарған. Ол мердігермен келіссөздер жүргізген. Қазбекке бопсалау дерегі бойынша да айып тағылғанымен, бұл эпизодта жәбірленуші шағымынан бас тартқан.

Екі сотталушы да өз кінәларын мойындады. Хромтау аудандық сотының судьясы Ерлан Бақытжан Сағындық Шабықбаев пен Нұрбек Қазбекке әрқайсысына 12 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Айта кетейік, Сағындық Шабықбаев 2023 жылғы сайлау қорытындысы бойынша Хромтау қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал 2025 жылдың қараша айының басында ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұсталған еді.

Үкімге байланысты Хромтауда жаңа әкім сайлауы тағайындалып, ол 11 қаңтарда өтеді. Үміткерлердің тізімі кейінірек жарияланады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі