Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары анықталды

Хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары анықталды
Fabrice COFFRINI / AFP via Getty Images

Швейцарияда өтіп жатқан 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Плей-офф кезеңіне сегіз құрама жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

B тобындағы соңғы матчта Канада құрамасы Чехияны 3:2 есебімен жеңді. Канадалықтар жеңіске Маклин Селебринидің дублі және Джон Таварестің голы арқасында жетті. Селебрини 35 және 48-минуттарда көзге түссе, Таварес 50-минутта шешуші шайба соқты.

Чехия сапынан Марек Альшер 7-минутта, Доминик Кубалик 29-минутта гол соқты. Осы нәтижеден кейін Канада 20 ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Ал Чехия 13 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты.

Ал A тобындағы параллель матчта турнир қожайыны Швейцария Финляндияны 4:2 есебімен жеңді. Швейцариялықтар сапынан Аттилио Бьяска, Кен Ягер және Нико Хишир мергендігімен көзге түсті. Кен Ягер екі гол соқты. Финляндия құрамасында Александр Барков дубль авторы атанды.

Швейцария құрамасы топтық кезеңді максималды 21 ұпаймен аяқтап, өз тобында бірінші орын алды. Финляндия 18 ұпаймен екінші болды.

Әр топтан төрт үздік команда ширек финалға шықты. 1/4 финал жұптары төмендегідей:

  • 28 мамыр, 19:20 – Финляндия – Чехия;
  • 28 мамыр, 19:20 – Канада – АҚШ;
  • 28 мамыр, 23:20 – Швейцария – Швеция;
  • 28 мамыр, 23:20 – Норвегия – Латвия.

Ал Ұлыбритания мен Италия құрамалары элиталық дивизионнан түсіп қалды. Келесі жылы олардың орнын Қазақстан мен Украина құрамалары басады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер