KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Халықтың сүйіктісі атанған танымал әнші 80 жасында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

• Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Кеңінен танылған "Прекрасное далеко" әнінің орындаушысы Татьяна Дасковская 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің қазасының себептері мен мән-жайы хабарланбады. Ол Мәскеу облысындағы Домодедово қалалық округіне қарасты Заборьев зиратында жерленген.

Татьяна Дасковская 1946 жылғы 25 маусымда дүниеге келген. 1972-1996 жылдары КСРО-ның ірі киностудияларында – "Мосфильм" мен М. Горький атындағы киностудияда еңбек етіп, 200-ден астам фильмнің дыбысталуына қатысқан.

Ол кеңестік киноға арналған көптеген танымал әндерді орындады. Атап айтқанда, "Гостья из будущего" телефильміндегі "Прекрасное далеко", "Акванавты» әндері", "Одиноким предоставляется общежитие" картинасындағы "Осенние деньки", сондай-ақ "Десять лет без права переписки" фильміндегі барлық әндер оның орындауында шыққан. Бұдан бөлек, "Волк и семеро козлят на новый лад" мультфильміндегі Козаның дауысын сомдап, "Мама" рок-мюзикліне арналған әндерді де шырқаған.

1999 жылы Татьяна Дасковская Германияға қоныс аударып, онда "Гезанг" ("Поющие") театрында актриса ретінде өнер көрсетті.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →