Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар оңтүстік өңірден табылды

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар оңтүстік өңірден табылды
depositphotos.com

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы алаяқтық жолмен, түрлі сылтаулар мен сенімге кіру арқылы Астана және Семей қалаларының тұрғындарынан жалпы көлемі шамамен 200 миллион теңге қаржы жымқырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер