"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Халықаралық деңгейде бағаланған": 17 жастағы Дастан Сатпаев оқу грантына ие болды

"Халықаралық деңгейде бағаланған": 17 жастағы Дастан Сатпаев оқу грантына ие болды
Фото: ашық деркккөзден

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқу үшін арнайы академиялық грантқа ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Грантты Дастан Сатпаевқа Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырды. Ол білім мен спортты үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Сатпаевтың футболдағы мақсаттылығы халықаралық деңгейде де бағаланып, бұған дейін танымал ағылшын "Челси" клубының назарын аударған болатын. Жас спортшының шетелдік клубтан шақырту алу фактісі қазақстандық футбол үшін маңызды оқиға болып саналады.

Әзірге, Дастан Сатпаевтың Лондонға кетуін ескере отырып, ол грантты қалай пайдалана алатыны туралы ақпарат берілмеді.

Бұған дейін "Қайрат" және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Айдар Арғымбаев Дастан Сатпаевты Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік жас шабуылшы деп бағалаған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.