WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін

WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
фото: ашық дереккөз

WBO президенті Густаво Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа ауысқан жағдайда бірден міндетті үміткер мәртебесін алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол Әлімханұлы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алған бір жылдық дисквалификациясын өтеп жатқанын, десе де рингке оралғаннан кейін бірден чемпиондық белбеуге үміткер атануы мүмкін екенін атап өтті.

"Теориялық тұрғыдан алғанда, Жәнібек өзінің жеңілмеген бұрынғы әлем чемпионы мәртебесіне сүйене отырып, жоғары салмақ дәрежесінде міндетті үміткер болуды сұрай алады", - деп түсіндірді Оливьери.

WBO басшысының айтуынша, бұдан әрі мәселені комиссия шешеді – Жәнібектің Хамза Шираз иелік етіп отырған титулға міндетті үміткер болуы комиссия шешіміне байланысты.

Әлімханұлы мұндай өтініш берген күннің өзінде, оның дисквалификациясы желтоқсанға дейін жалғасатындықтан, титулдық жекпе-жек бірден ұйымдастырылмайтынына баса назар аударылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін WBO басшысы Густаво Оливьери The Ring басылымына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы титулынан бас тартып, жаңа салмаққа ауысатынын мәлімдеген болатын.

Бұл ақпаратты спортшының өзі де растады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.