KZNews.kz
Қоғам

Владислав Челах босатылуы мүмкін - адвокат

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Адвокаттың айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға да шартты түрде босатуға өтініш беру құқығы берілген.

«Жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы, тіпті УДО болса да. Өйткені ол заңсыз түрде бостандығынан айырылып отыр. Шын мәнінде, ол сол кездегі жағдайдың құрбаны болды. Атылғандардың арасында жалғыз тірі қалғаны үшін кінәлі болып шықты», – деді Шалдықова.

Сонымен қатар ол Челахтың ісін қайта қарауға ниетті екенін жеткізді.

«Менің 20 жылдық тәжірибем және жүргізген істерім оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Ұсталған сәттен бастап ол өзінің кінәсіз екенін айтты. Өрт пен атыс болғанда Челах шекара заставасында болмаған. Бұл істің саясиландырылғанын бәріміз білеміз. Сол кезде істі ҰҚК өз бақылауына алған еді», – деп атап өтті адвокат.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары