Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады

Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады

Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


“Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді”, – делінген мәжіліс хабарламасында.

Серік Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінде сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің орынбасары қызметіне келген еді.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты. 

Автор
Айбар