Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Вьетнамда су тасқыны мен көшкіннен 28 адам қаза тапты

Вьетнамда су тасқыны мен көшкіннен 28 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Вьетнамда бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны мен жер көшкіні болып, 28 адам қаза тапты, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ең көп зардап шеккен аймақтар — Хюэ және Да Нанг қалалары. Табиғи апат салдарынан 22 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, көптеген инфрақұрылым нысандарына зақым келген. Сонымен қатар 245 мыңға жуық отбасы электр қуатынсыз қалған.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Кейбір пойыз бағыттары қайта ашылғанымен, бірқатар теміржол және автокөлік жолдары әлі де жабық.

Синоптиктердің болжамынша, нөсерлі жаңбыр 4 қараша түніне дейін жалғасуы мүмкін. Төтенше жағдай қызметтері тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге және өз бетімен қозғалыс жасамауға шақырып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.