Жергілікті бюджеттің жиынтық үлесі: әкімдерді мақтауға әлі ерте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Верификация бойынша жаппай қиындықтар туралы мәлімет жалған болып шықты

Верификация бойынша жаппай қиындықтар туралы мәлімет жалған болып шықты
фото: Luis Alvarez/Getty Images

Қазақстанда мобильді құрылғыларды верификациялау бірыңғай әрі ашық талаптар негізінде жүргізіледі. Телефонның қай елде шығарылғаны тіркеуден бас тартуға себеп болмайды. Негізгі талап – құрылғының заңды түрде елге әкелінуі және оны растайтын құжаттардың болуы. Егер импорт ресми түрде рәсімделіп, кедендік және салықтық төлемдер төленсе, верификациядан өтуге кедергі жоқ, деп хабарлайды kznews.kz сайты arasha.kz порталына сілтеп.

Мәселелер көбіне «сұр» импортқа қатысты туындайды. Яғни кедендік рәсімдеусіз және міндетті төлемдерсіз әкелінген телефондар бойынша жүйе олардың заңды айналымда екенін растай алмайды. Мұндай жағдайда өтінім қабылданбайды.

Азаматтар үшін верификация тегін. Әлеуметтік желілерде айтылған 2 АЕК төлемі жеке тұлғаларға қатысты емес. Импорттаушылар мен ресми дистрибьюторлар қызметті коммерциялық негізде алады, оның құны – әр құрылғыға 1 АЕК. Бірақ төлем жасау құрылғы автоматты түрде тіркеледі дегенді білдірмейді. Басты шарт – заңды импорт пен барлық міндетті төлемдердің төленуі.

Верификацияның мақсаты – барлық телефонды ақылы тіркеу емес, олардың заңды айналымда екенін растау және адал нарық қатысушылары мен тұтынушылардың құқығын қорғау.

IMEI тіркеуден бас тарту мәселесінде екі жағдайды ажырату қажет:

жаңадан әкелінген құрылғыны верификациялау;

2025 жылғы 25 маусымға дейін желіде белсендірілген телефонға қатысты IMEI растау туралы хабарлама.

Кей қолданушылар жаңа құрылғыны тіркеу рәсімін бұрыннан пайдаланылып жүрген телефонға қатысты SMS-пен шатастырады. SIM-картаны ауыстырғанда немесе eSIM қосқанда, 2025 жылғы 25 маусымға дейін желіге қосылған құрылғы бойынша хабарлама келуі мүмкін. Көп жағдайда бірінші IMEI бұрыннан расталған болады, ал жүйе екінші IMEI-ді сол құрылғымен байланыстыруды ұсынады.

Бұл үшін жеңілдетілген әрі тегін тәртіп қарастырылған. Шарттары:
– құрылғы бірінші IMEI бойынша тіркелген болуы керек;
– екі IMEI бір ИИН-ге рәсімделуі тиіс.

Жеңілдетілген рәсім тек бірінші IMEI расталған жағдайда қолданылады. Егер жаңа құрылғыда IMEI-1 бұрын тіркелмесе, онда заңды сатып алу мен импортты растайтын құжаттар ұсынылатын стандартты тәртіп қолданылады.

SIM-картаны ауыстырғаннан немесе eSIM қосқаннан кейін келген SMS телефонның бұғатталғанын білдірмейді. Бұл тек екінші IMEI-ді растау қажеттігі туралы хабарлама.

Құрылғыларды верификациялау kz-imei.kz порталы және eGov mobile арқылы бекітілген регламентке сай жүзеге асады. Портал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Өтінімдердің қабылданбауы көбіне:
– заңды импортты растайтын құжаттардың болмауына;
– деректердің қате енгізілуіне (IMEI қателігі, брендті дұрыс көрсетпеу, IMEI санының сәйкес келмеуі және т.б.) байланысты.

Пайдаланушылар үшін техникалық қолдау қызметі, оның ішінде тегін call-орталық бар. Мамандар өтінімді дұрыс рәсімдеуге және ескертулерді түзетуге көмектеседі.

Құрылғы сатып аларда оның IMEI нөмірін тексеру ұсынылады:
– *#06# теру арқылы IMEI-ді көру;
– қораптағы және баптаудағы IMEI-ді салыстыру;
– мәртебесін eGov Mobile, imei.rfs.gov.kz немесе kz-imei.kz арқылы тексеру.

Егер телефон ресми сатушыдан алынып, заңды түрде импортталған болса, верификацияда мәселе туындамайды. Ал бейресми сатушылардан алынған құрылғылар бойынша тәуекелді сатып алушы өзі көтереді. Сондықтан мобильді құрылғыларды тек ресми сауда орындарынан сатып алу ұсынылады.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан