KZNews.kz
Шоу-бизнес

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

KZNEWS

Жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. 

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орын иеленді. 

Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді. 

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды. 

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А.Мясникова, Н.Болатова, Э.Какутиа, К.Шаматульская, К.Макарова, Е.Лепихова, Д.Валиулина, Э.Пашковсквя, В.Михальченко, Я.Шевченко, Ю.Рогалева, А.Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары