АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан Ақ үй тілшілер қауымдастығының дәстүрлі кешкі асында оқыс оқиға орын алды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, атыс кезінде зардап шеккендер жоқ. Дегенмен құқық қорғау органдарының өкілдері белгісіз адамның оқ атқанын растады. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше рет – шамамен бес-сегіз рет – оқ атылған дыбыстар естілген.
Оқиға кезінде Washington Hilton қонақүйіндегі банкет залында жүздеген журналист, танымал тұлғалар мен саясаткерлер жиналған. Қауіпсіздік қызметі оларды дереу эвакуациялаған.
Президент Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында құқық қорғау органдарының жедел әрекетін атап өтті. Оның айтуынша, күдікті ұсталған, ал іс-шара жоспарланғандай өтпегендіктен кейінге шегерілген.
Бұл кеш АҚШ-та дәстүрлі түрде өткізіліп, саясаткерлер мен БАҚ өкілдерінің бейресми қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беретін шара саналады. Алайда кейбір басылымдар, соның ішінде The New York Times, мұндай кездесулерге қатысудан бас тартып келген.
Айта кетейік, оқиға қарсаңында жүздеген бұрынғы журналист баспасөз еркіндігін қорғауға шақырған үндеуге қол қойған еді.