Валюталы жүйелер және валюталық қатынастар
15.01.2021
00:38
0
0
Валюталы жүйелер және валюталық қатынастар
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................5-6
1 Ақшаның мәні және қызметтері...............................................7-15
2 Валюталы жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы....22
3 Валюталық қорлар....................................................................23-26
Қорытынды......................................................................................27-28
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................29
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші , ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құнды эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквиваленті ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында.Өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" "мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үңділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр.
1.Ақшаның мәңі мен қызметтері
Ежелгі Русьта да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген дің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп аталынды.
"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, андардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбасу құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі "экзотикалық" ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін фея ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий, Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. ХҮІІ ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусец штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар -біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті. Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие. Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы "драхма" "бір уыс шеге" деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру зан тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес".
XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энерг-етикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
- Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарша түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек,қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалындығы 3 мк. Жуық. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас".
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузога олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
Мұндағы R — пайыз мөлшерлемесі М — ақша жиыны
Сурет1.Салыстырмалы түрде
Сурет 2 Салыстырмалы түрде қарағанда икемді ақша саясаты
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді.
Ақшаның айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың қүнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ. Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық кұнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.
2.Валюталық жүйелері және валюталық қаиынастардың ұғымы.
Валюталық - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Валюталық жүйелер материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заң-дық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы эконо-микалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықгалады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар- ақша белгілері орындайды.
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты мін- деттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойын- ша борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқа- лары.
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
- "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.
- Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
- шарушылық байланыстардың интернационалдануы не- гізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
- Валюталық қорлар
- ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және
- ж. 174 ел - 140 млрд. $ төлеген.
- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
- жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ- ға мүшеелдерді тексеру.
- займ тек қана мүшеелдің экономикалық өсуіне көмектесетін өнімді мақсаттарға беріледі;
- займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;
- займ беру шешімі экономикалық себептерге негізделуі тиіс.
- Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсыныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
- ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекеттерге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қар-жылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
- ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.
- Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.
- Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктік және неиелік айналыс құралдары - телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын оъективті құндық қатынастарына негізделеді.
- Валюталық бағам - басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол занды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады.
- Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.
- Сауда-өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.
- Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
- "валюта себетіне" (АҚШ доллары, еуро, иена, ресей рублі және т.б.) байлаулылық;
- мыналардың: Еуразия экономикалық қауымдастығының немесе бүкіл ТМД-ның, Орталық Азия республикаларының (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), сондай-ақ көрші елдердің бірімен одақтың (Қырғыз- стан) шеңберінде бірыңғай валютаға көшу.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ