KZNews.kz
Қоғам

"Үйленуді жоспарлап жүрген": Шымкентте жас жігіт мерт болды

Айжан Сыланова

Марқұм келісімшартсыз мердігер компанияда қара жұмыс істеген. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, нысанда қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

Қайғылы жағдайдан кейін марқұмның туыстары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу басталғанын хабарлады.

Үмітжан Балтабаев – отбасындағы төрт ұлдың үлкені әрі жалғыз асыраушысы болған. Ол жуырда шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген екен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →