KZNews.kz
Білім

Ұстазым менің, ұстазым балабақшадағы ашық сабақтар

KZNEWS
 

Ұстазым менің, ұстазым

Ашық тәрбие сағаты Пәні: Ән - саз Ақжігіт балабақшасы МКҚК Пән мұғалімі: Ерболатова Сәуле Ересектер тобы. Сабақтың тақырыбы: «Ұстазым менің, ұстазым!» Жүргізуші: Құлдыраған құлын бөбек Шар болаттай шындалсын Балалары білімді боп Өскеніне кім артық – деп топ балаларын ортаға шақырамыз. -    Құрметті ата – аналар, ұстаздар, балалар! Бүгін бізде салтанатты мереке ұстаздар меркесі. Барлығымызды осы меркемен шын жүректен құттықтаймын. Мереке құтты болсын. Олай болса мерекелік концертімізді бастаймыз. Сөз кезегі Мария апайға береміз. Жүргізуші: Санама нұр құйған Ұстазым данышпан Ол берген біліммен Талаймен жарысқам Қарты да жасы да Кемеңгер данасы Қарыздар ұстазға Адамзат баласы Хор: «Біз өмірдің күніміз» Жүргізуші: ұшырдың талай – талай түлектерді Толтырдың қуанышқа жүректерді Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын Қабыл ал біздің ақ тілектерді. Өлең шумақтар: Жанат, Ерболат, Айзере Рақымжан: «Ұстаздың айтқанын ұғамын, Білімді боп шығамын» Ақжол: Биіктерден көрінсем Сенің арқаң мұғалім Жансая: Тәрбиеші апайды Тыңдаймыз жақсы көреміз. Жанат: талайды бұл күнді көптен Біздің байтақ бақытты ел, Ұстаздарын шын жүректен Құттықтайды шәкірттері Бейбарыс: Арналады ұстаздарға Құрметтеген төр деген Біздің елде адам бар ма? Ұстаз алдын қөрмеген. Мектеп вальсі биі: үлкен, кіші топтар Жүргізуші: асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар- ортаға үлкен топты шақырамыз. Ән: «Топ – топ балақан» Қарыздар ұстазға Адамзат баласы Жансая: Жаққан білім шырағын Таққан ғылым тұмарын Ол кім десең – мұғалім Жақсылыққа үйреткен Ол кім десең – мұғалім Айназ: Алғыс сізге алғашқы ұстаз Бізге үйреткен Әліппе Алдыңызға бас иеміз Атыңызды дәріптеп Біржан: Өсірген ой білімді Сүйем туған тілімді Айзере: Сипадымда басымнан Әліппені ұсындың Бақытымның осыдан Басталғанын түсіндім Ән: «Қошақан» кіші топ балалары Досжан, Ерболат, Айназ Өзбек биі: орындайтын Жанат Ойын: Мақалды жалғастыру 1.    Ұстазынан шәкірті озар 2.    Ұстазы жақсының Ұстамы жақсы 3.    Оқу инемен құдық қазғандай 4.     Өнер ағып жатқан бұлақ, Білім жанып тұрған шырақ. 5.    Әке – тірегің, ана – жүрегің. 6.    Жақсының қасиеті – жарыстыру, Жаманның қасиеті – таластыру. Ән: «Бала тілегі» орындайтын: үлкен топ. Қыздар: «Ертегілер» әні Жүргізуші: ал қанеки тұрмайық Қызық ойын ойнайық. (үлкен топ) Үлкендерге сіз Кішіге де сіз Баршамызды құрметтеп Бас иеміз біз Сау болыңыздар аайлар! Сөз (қорытынды) 1.    Әдіскер апай 2.    Тәрбиеші Біз – өнерге Ұлы өмірге, гүл өмірге иеміз Көгімізді, көлімізді Елімізді сүйеміз. Ата – анаға сөз беру. Ақжолдың анасына  Ақжігіт балабақшасы МКҚК Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы:   «Ұстазым, менің ұстазым!» Дайындаған: Ән –саз пәнінің мұғалімі:  Ерболатова С

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары