Қазақстанның бірнеше аймақтарында күн суытуына байланысты мектеп сабақтары тоқтатылды. Синоптиктер кей аймақтарда температура -33 градусқа төмендегенін мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
Көрнекі фото:74.ru
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының білім басқармасы бірінші ауысым оқушыларының сабақтары тоқтатылды.
Павлодарда ауа температурасы - 33 градусқа жеткендіктен 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.
Шығыс Қазақстанда Риддер және Семей қалаларында термометр көрсеткіші -27...-28 градусқа жеткендіктен 1 және 9 сынып оқушылары үйлерінде қалды.
Сонымен қатар, Шемонаиха ауданында бір мен төртінші сынып оқушылары, ал Бесқарағай ауданында 1 мен 11 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылды.
Бұл аудандарда -31...-33 градус аяз тіркелген.
Қостанайда ауа температурасы -20...-30 градусқа төмендегендіктен бастауыш және орта сынып оқушылары үйде қалды.
Дереккөз: kaz.nur.kz