Ұшақтағы жолаушылар мас адамды скотчпен байлап тастаған
17 қаңтар, 2019
Ұшақтағы жолаушылар мас адамды скотчпен байлап тастаған
Бангкоктан шыққан ұшақтың жолаушылары рейсте шу шығарған ер адамды скотчпен, белбеумен байлап тастаған.
Бастапқыда тыныш отырған жолаушы ұшақ ұшқаннан кейін үш сағаттан соң салонда шу шығарып, жолаушыларға дөрекілік көрсеткен. Бортсеріктер оны тыныштандыра алмаған. Содан сапар соңына дейін байлаулы жатқан. Ұшақ Ресейге қонғанда оны полиция тұтқындаған.