Референдум: Токио мен Сеулде дауыс беру басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұшақ ауруханаға соғылды, қаза тапқандар бар

Ұшақ ауруханаға соғылды, қаза тапқандар бар

Қайғылы оқиға Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласында болған. 

Әуе апаты болған сәт бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Онда жеңіл моторлы ұшақтың аутизмге шалдыққан балаларды емдеу орталығының қабырғасына соғылған сәті көрініп тұр.

Апат кезінде сегіз педагог пен бес бала ғимарат ішінде болған, деп жазады жергілікті БАҚ. Соқтығысу салдарынан алты орындық Cessna ұшағының ұшқышы мен жолаушысы қаза тапты, ғимараттың ішіндегі мұғалімдердің бәрі жеңіл жарақаттанған, оқиға орнында оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Ересектер мен балалар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер әуе кемесінің жарылысынан болған өртті ауыздықтады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Арман