Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Үш нәрсені тереңірек түсіндім": Желіде Бейсен Құранбектің соңғы хаты тарады

"Үш нәрсені тереңірек түсіндім": Желіде Бейсен Құранбектің соңғы хаты тарады

Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің кенеттен дүниеден өтуі қалың жұртшылыққа ауыр соққы болды. Елге сыйлы журналистің қазасынан кейін әлеуметтік желіде оның өмірінің соңғы сәттерінде жазған жүрекжарды жазбасы кеңінен тарап, көпшілікті терең ойға қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Аурумен арпалысқан қиын күндерінде Бейсен Құранбек өмірдің шынайы құндылықтары жайлы толғанып, өзі үшін аса маңызды түйіндерге келгенін жазған. Ол бұл жазбасында ақшаның, биліктің емес, адамдық қасиеттер мен рухани байлықтың мәңгілік екенін ерекше атап өткен.

«Білу – бөлек, түсіну – басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші, Ұстазым жиі айтатын “бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол – ниеттің, тілектің, батаның күші” деген сөздің рас екенін. Екінші, халқымыздың “басты байлық – денсаулық” деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым. Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған “Байлық – қолға ұстаған мұз, Бақыт – басқа қонған құс, Бала – артта қалар із, бұл өмірдің қызығы – Сіз бен Біз” деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім», – деп жазды ол.

Бұл жазба журналистің тек кәсіби білімімен ғана емес, терең парасатымен, өмірге деген ерекше көзқарасымен де ел жадында қалғанын аңғартады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.