Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұрылар инкассаторлар машинасын қиратып, 2 млн еуро алып кеткен

Ұрылар инкассаторлар машинасын қиратып, 2 млн еуро алып кеткен

Италия полицейлері елдің оңтүстігіндегі Апулия өңірінде бронды инкассаторлық фургоннан екі миллионнан астам еуроны алып кеткен тонаушыларды іздеуде.

Төрт адамдық бандылар тобы фургонды Бари қаласының маңында күре жолдың үстінде екі жүк көлігінің көмегімен тоқтатқан. Ауаға  мылтық атып, күзетшілерді қорқытқан қарақшылар фургонға екі экскаваторды әкеп шөмішімен машинаның төбесін қақырата ашқан. Инкассаторлық автомобильдің ішінде болған үш күзетші зардап шекпеген.

Бетперде киген, автоматпен қаруланған бандылар ақшаны алған соң оқиға орнынан екі автомобильмен іздерін суытқан. Кетер алдында жүк көліктерін өртеп, экскаваторларды қылмыс орнына тастап кеткен. Салдарынан полицияға шоссені бірнеше сағат бойы жабуға тура келді. Инкассаторлар ақшаны Матера қалашығының тұрғындарына зейнетақы төлеу үшін әкеле жатқан. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Мадияр