Рио-де-Жанейрода ер адам жанынан өтіп бара жатқан қызды тонамақшы болған, алайда құрбанының UFC ұйымының файтері екен деп еш ойламаған болса керек, - деп жазады Vesti.kz.
Ұрыға тойтарыс беріп қана қоймай, сабап тастаған Полиана Виана 1991 жылы 20 ақпанда Сан-Жералду-ду-Арагуая (Пара, Бразилия) қаласында дүниеге келген.
Ол өзіне шабуыл жасаған ұрыға қатарынан екі соққы жұмсап, артынша тепкінің астына алған. Шабуылдаған ер адам құлаған сәтте қылғындыру әдісін қолданған. Осыдан кейін ұрыны полицейлер алып кеткен.